Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыл үстіндегі өмір: Астаналық дәрігерлер экскаватордың астында қалған жігіттің аяғын тігіп, қайта жан бітірді

Қыл үстіндегі өмір: Астаналық дәрігерлер экскаватордың астында қалған жігіттің аяғын тігіп, қайта жан бітірді

ÒÑл Ò¯ÑÑÑÐ½Ð´ÐµÐ³Ñ Ó©Ð¼ÑÑ: ÐÑÑаналÑÒ Ð´ÓÑÑгеÑÐ»ÐµÑ ÑкÑкаваÑоÑдÑÒ£ аÑÑÑнда ÒалÒан жÑгÑÑÑÑÒ£ аÑÒÑн ÑÑгÑп, ÒайÑа жан бÑÑÑÑдÑЕлдордалық дәрігерлер өте күрделі ота жасады. Олар экскаватордың астында жаншылып, өлім аузында жатқан жігітті аман алып қалды. 12 медицина қызметкері аяғы үзілгелі тұрған жігіттің өмірін ғана емес, аяғын да сақтап қалып, жан бітірді.

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Бекзат Мінімхазиев бірнеше күн бұрын жұмыс орнында ауыр жарақат алды. Жұмыс кезінде оның сол аяғына абайсызда экскаватордың шелегі құлап кетіп, екіге бөліп жіберген. Аяғы қылысып қалған Бекзат көп қан жоғалтты. Жігіт бірден ауруғанаға жеткізіліп, дәрігерлер оған үш сағат сағат бойы ота жасады.
«Бұл жағдайдың қалай болғаны есімде. Мен экскаваторшы болып жұмыс істеймін. Біз жұмыста жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Сол кезде аяғым экскаватордың шелегі мен шынжыр табанының арасына қысылып қалды. Бірден қан атқылап, судай ақты. Аяғымды қолыммен ұстап тұруға тырысып едім, үзілейін деп тұр екен. Әріптестерімнің бірі белбеу әкеліп, аяғымнан жарадан жоғары көтеріп алды. Содан кейін қатты жылдамдықпен ауруханаға жеткізді», – деді Бекхат Мінімхазиев.
Бекзаттың өмірі үшін бір емес 12 дәрігер күресті. Оған төрт хирург, үш анестезиолог және бес медбике бірігіп ота жасады. Дәрігерлердің айтуынша, бұл миссия іс жүзінде мүмкін емес еді. Бірақ дәрігерлер тобы жігіттің өмірін аман алып қана қоймай, аяғын да сақтап қалды.
«Науқастың жағдайы өте ауыр болды, ол өлім аузында жатты. Яғни бұл өлім сатыларының бірі болды. Қысымы қатты төмендеп, тынысы тарылып бұзыла бастады. Аяғы теріде ілініп тұрды, оның үстіне науқас көп қан жоғалтты. Мұндай жағдайларда біздің ең басты міндетіміз – адамның өмірін құтқару », – дейді реаниматолог дәрігер Павел Останин.
Аяқты қалпына келтіру өте күрделі және қажырлы жұмыс дейді, елордалық дәрігерлер. Енді Бекзақа ұзақ уақыт оңалту курсынан өтуге тура келеді.

Источник: Stan.kz
26 тамыз 2018 ж. 918 0