Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бурабайда таудың ұшар басынан селфи жасамақ болған жігіт өлім аузында жатыр

Бурабайда таудың ұшар басынан селфи жасамақ болған жігіт өлім аузында жатыр


Бурабайда таудың ұшар басында тұрып селфи жасамақ болған 24 жастағы жігіт құлап кетті, деп хабарлайды КТК арнасы.

Белгілі болғандай, жас жігіт достарымен Бурабайдағы шипажай аумағына Астанадан қыдырып келген.
24 жастағы Нұрсұлтан ел арасында Синюха аталып кеткен Бурабайдағы таудың басына достарымен бірге шыққан. Осылайша таудың ұшар басына шығып, селфи жасамақ болған жігіттің аяғы тайып, құлап кетіпті. Жедел жәрдем бригадасы құтқарушылардың көмегімен оны таудың етегінен тауып алды.
Нұрсұлтан ауруханаға ес-түссіз күйінде жеткізілген.
Дәрігерлердің сөзінше, оқыс оқиға салдарынан жігіттің бас сүйегі жарылып, миы шайқалған.
Қазіргі уақытта ол ауыр жағдайда жатыр.
26 шілде 2018 ж. 1 644 0