Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Екі рет пойыздың астына түскен адам ғажайыптың күшімен аман қалды

Екі рет пойыздың астына түскен адам ғажайыптың күшімен аман қалды


Киевте пойыз жолына құлап қалған 63 жастағы азамат жантүршігерлік жағдайды бастан өткерді. Ал темір жол станциясындағы бсқа жолаушылар оны бомж деп ойлап, көмек көрсетуге асықпаған деп хабарлайды Life.Ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Сергей Галчанский - суретші әрі институт мұғалімі. Алғашында пойыз теміржолға құлап кеткен азаматтың аяғын кесіп кеткен. Ал екінші рет, жүк тиелген пойыз оны тағы бір рет басып өтеді.
Қайғылы оқиға Киев облысының Боярка қаласында болған. Азамат онда сенбі күні, жақындарының зиратына барып қайтайын деп келген екен. Ол қайтар жолда пойызға отырар кезде теміржолға құлап кетеді.
Станция қызметкерлері мен басқа жолаушылар Сергейді бомж деп ойлап, біраз уақыт оған көмек көрсетпеген. Әбдіне қансыраған азаматты ауруханаға ауыр халде жеткізеді. Сонымен ол екі аяғынан айырылса да, ғажайыптың күшімен аман қалған.
NUR.KZ.
30 сәуір 2018 ж. 1 071 0