Комада жатқан бала ата-анасы ағзаларын алуға рұқсат бергенде есін жиды (фото)
Екі ай бұрын Албама штатында 13 жастағы Трентон Маккинли жол-көлік оқиғасы салдарынан ауыр жарақат алған. Комада жатқан бала ата-анасы ағзаларын алуға рұқсат бергенде есін жиды.
Бұл туралы CBS басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.Екі ай бұрын бала отырған көлік аударылып қалған. Салдарынан Трентонның бас сүйегі жеті жерден сынған. Ал дәрігерлер баланың мұндай жарақаттан кейін тірі қалмайтынын айтыпты.
Бұл уақытқа дейін бала ем қабылдаған. Ата-анасы баласының айығатынынан үміт үзген кезде, оларға донорлық ұйымның өкілі келіп, Трентонның ауыр дертке шалдыққан 5 баланың өмірін құтқара алатынын айтқан. Баланың ата-анасы оның ағзаларын алуға рұқсат берген.
«Біз келістік. Себебі олар Трентонды жасанды тыныстандыру аппаратынан өшірмейтінін айтты. Себебі донорлық трансплантация алдында ағзаларын тазалап алуы керек», – дейді баланың ата-анасы.
Алайда тиісті процедуралардың аяқталуына бір күн қалғанда Трентон өзіне келе бастаған. Ендігі ол ақырындап сауығып келеді. Дәрігерлер оның бас сүйегіне ота жасауды жоспарлап отыр.