Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірқатар фильмдер мемлекет есебінен қаржыландырылады

Бірқатар фильмдер мемлекет есебінен қаржыландырылады


«Кинематография туралы» заң жобасында түсірілетін фильмдерді мемлекет есебінен қаржыландыру көзделген. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры Күміс Сейітова ОКҚ алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Заң жобасы аясында біз киноны үшке бөлдік. Бірінші коммерциялық тұрғыдағы киноларды толығымен емес, 70 пайызға дейін қаржыландырамыз. Ал қалған қаражатты киностудияның өзі табады. Екінші копродукция, яғни шетелмен қосылып түсірілетін фильмдерді қаржыландыру елу де елу. Ал әлеуметтік, яғни патриоттық, тәрбиелік, балаларға арналған фильмдер 100 % Үкімет тарапынан қаржыландырылатын болады», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Заң қызметі департаментінің директоры Күміс Сейітова.
Ол Үкімет тарапыннан қаржыландыратын фильмдерге қомақты қаржы бөлінетінін айта келе, бұған дейінгі түсірілген фильмдердің оң нәтиже көрсеткенін атап өтті.
«Анаға апарар жол», Елбасы туралы түсірілген фильмдер, «Аманат» фильмі, «Алмас қылыш» фильмін білесіздер, үлкен жобалар түсіріліп жатыр. Бұл фильмдер елімізде, шетелдік үлкен фестивальдерде көрініп жатыр», - деді ол.
26 желтоқсан 2017 ж. 1 309 0