Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ӘДЕБИ БАЙҚАУДЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ӘДЕБИ БАЙҚАУДЫҢ БАС ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ


Астанада ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған І «Рух» халықаралық онлайн-әдеби конкурсының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
    Конкурс ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелерді жүзеге асыруға атсалысу, қазақ әдебиетін әлемдік деңгейде насихаттау мен қазақстандық және шетелдік қаламгерлер арасында өзара байланыс орнатуды көздейді.
    Тұңғыш рет ұйымдастырылған байқау 8 номинация бойынша жүргізілді және оған Қазақстан мен көптеген шетелден қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі алуан түрлі жанрдағы 1000-нан астам туынды келіп түскен және оның 899-ы байқау талаптарына сай келіп, «Әдебиет» порталына жарияланды.
    Байқаудың «Проза: роман, повесть» номинациясының бас жүлдесі – 2 миллион теңге «Рухтар жерден кетеді» романы үшін жерлесіміз Тынымбай Нұрмағамбетовке берілді.
    «Үздік драматургия» номинациясында да тағы бір жерлесіміз қара үзіп шықты. Бұл номинацияның бас жүлдесі «Қазақша ашылып сайрау» пьесасы үшін Сырдан шыққан қаламгер Серік Асылбековке табысталды.  
    ҚР Президенті Әкімшілігі мен Мәдениет және спорт министрлігі бірлесіп өткізген байқау Қазақстаннның мәдени өміріндегі үлкен жаңалыққа айналып, алдағы уақытта да жалғасын табатын болды.

14 желтоқсан 2017 ж. 1 063 0