Мұхамедиұлы: Қазақстан 2018 жылғы Олимпиадаға қатысады
Қазақстан құрамасы Олимпиада-2018 спорттық шарасына қатысатын болды. Бұл туралы Спорт және мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді,-деп жазды Tengrinews.kz.
ҚР Спорт және мәдениет министрі ресейлік депутаттың 2018 жылғы Олимпиада ойындарына қатыспау туралы ұсынысына жауап берді.«Бұл тек көзқарас. Әркімнің өз көзқарасы бар. Әр адамның жеке пікіріне назар аудараберу дұрыс емес нәрсе. Мәселеге мемлекет тұрғысынан жауап қату деген бар, біз соны ұстанамыз. Қазақстан бұл жарысқа дайындалып жатыр.
Тура қазір 17 лицензиямыз бар. Қазіргі мақсатымыз лицензиялар санын арттырып, нәтижелі ойын көрсету»,-деді министр.
Бұған дейін Ресей спортшылары Олимпиада-2018 ойындарынан шеттетілді деген ақпарат шыққан кезде, сол елдің депутаттары Қазақстанды өз еркімен бас тартуға шақырған еді.