Облыстың бюджетіне өзгеріс енді
Қызылорда облыстық мәслихатының депутаты Р.Ысқақованың төрағалығымен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы болып өтті. Отырыста кезектен тыс 22 сессияның күн тәртібіне шығарылатын мәселелер алдын-ала қаралып талқыланды.
Негізгі «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 желтоқсандағы №157 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселесі бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы С.Құлымбетова хабарлама жасады. Хабарламадан соң депутат І.Тілеп Әйтеке би кентінің газдандыру жұмыстарының жүргізілуі және Қазалы ауданындағы №5 квартал мөлтек ауданында орналасқан 300 орындық мектептің осы оқу жылының басында пайдалануға берілуі тиіс екендігі жөнінде өз сұрағын қойды. Депутат Ә.Дәуленбаев Ақай ауылы А. Байтұрсынов көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігі жөнінде өз ұсынысын айтты және депутат Ж.Нұрымбетов Тасбөгет кентінде 16 көшеге жөндеу жұмыстарына қаржы қаралғанын, оның 2 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілмеуіне байланысты тиісті мекемелердің ықпал етуін, Тасбөгет кентіне мемлекеттік жекешелік-меншік әріптестік аясында емхана мен спорт кешенін салу жөнінде өз сұрақтарын қойды.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысынан соң мәслихаттың кезектен тыс 22 сессиясы өз жұмысын бастады. Р.Байназарованың төрағалығымен еткен кезектен тыс 22 сессияда бюджетке байланысты депутаттар тарпынан қойылған сұрақтарға жауаптар алынды. Сондай-ақ, сессия күн тәртібіндегі «Қызылорда қаласының бас жоспары жобасын мақұлдау туралы» мәселесіне байланысты депутаттар Т.Шаутай, И.Оңғарбаев, Ж.Ысқақов қалаға кірер жолда орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтарды өртеу жұмыстарының салдарынан келетін сасық иістің ыңғайсыздық тудыруына байланысты арнайы орынды ауыстыру туралы ұсынысын білдірді. Сондай-ақ, депутат Ж.Ысқақов қала орталығындағы даңғылдар мен көшелердің стандартқа сай еместігін, демалыс аймақтары мен парктердің жоқтық қасында екендігін алға тартып, осы бағытта жұмыстарды жандандыруға, қаланың бас жоспарына енгізуге ұсыныс білдірді.
Күн тәртібіндегі облыстық тексеру комиссиясының төрағасын тағайындау туралы мәселесі бойынша сөз алған Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Н.Нұржанов 5 жыл мерзімінің аяқталуына байланысты лауазымынан босатылған Қ.Мүбараковке жаңадан құрылған мекеменің өз деңгейінде алып шығып, абыроймен жұмыс атқарғанына рахметін айта келе, облыстың экономика саласын басқарған Құлымбетова Сәуле Ибрагимқызы бес жыл мерзімге облыстың тексеру комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындау үшін ұсынысын жеткізді. Депутаттар ұсынысты қолдады және облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов жылы лебізін білдіре отырып,облыстық мәслихат депутаттарының атынан «Алғыс хатпен» марапаттап, қызметіне табыс тіледі. Сонымен қатар, тексеру комиссиясы төрағасының ұсынысына орай, депутаттар қолдауымен Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшелері қызметіне Мейрамбек Сатлабаев, Айгүл Садуақасова, Роман Мұсабеков тағайындалды.
Сессия соңында облыс әкімінің міндетін атқарушы Қуанышбек Ысқақов «Астананың 20 жылдығы» мерекелік медалін Еңбек ардагері Махмұтбай Әмреевке, облыстық мәслихат депутаттары Шакизада Әбдікәрімов пен Мнажадин Өтеевке табыстап, құттықтау лебізін білдірді.

http://www.syrboyi.kz/