Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нығматулин британ елшісін қабылдады

Нығматулин британ елшісін қабылдады


Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Кэролин Браунды дипломатиялық мерзімінің аяқталуына байланысты қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Н.Нығматулин атап өткендей, К.Браун біздің елдеріміздің арасындағы екіжақты, соның ішінде, парламентаралық қарым-қатынасты тереңдету жолында еселей еңбек етті. Нәтижесінде Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестік қарқынды дамыды.
Сонымен бірге Браун ханым, тек саяси, мәдени, халықаралық байланыстарды нығайтып қана қоймай, әрбір ұлттық мейрамдарда қазақ тілінде жүрекжарды лебізін жеткізіп, мемлекеттік тілге деген ерекше құрметін көрсетті.
Н.Нығматулин елші ханымның шын мәнінде жоғары дипломатиялық тәжірибесі өзгелерге үлгі болуға лайықты екенін атап өтті.
Өз кезегінде Кэролин Браун Қазақстанда еңбек еткен жылдар өміріндегі ең елеулі кезеңдердің бірі екенін айтып, жалпы еңбек жолының Қазақстандағы елшілік қызметпен аяқталатынына риза екендігін жеткізіп, алғыс білдірді.
Айта кетейік, Кэролин Браун біздің елімізде 4 жыл қызмет етті.
22 желтоқсан 2017 ж. 1 091 0