Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 14 қыркүйекте Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

14 қыркүйекте Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

«Қазгидромет» мәліміметінше 14 қыркүйек, дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +33 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +10...+12, күндіз +18...+20 градус болады.

Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде +16...+18, күндіз +30...+32 градус.

Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашын болмайды. Жел 8-13 м/с. Түнде +13...+15, күндіз +29...+31 градус.


Ақтауда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +12...+14, күндіз +21...+23 градус.

Ақтөбеде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Түнде +8...+10, күндіз +22...+24 градус.

Атырауда күн аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Түнде +13...+15, күндіз +30...+32 градус.

Жезқазғанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +8...+10, күндіз +24...+26 градус.

Қарағандыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +8...+10, күндіз +19...+21 градус.

Көкшетауда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +10...+12, күндіз +15...+17 градус.

Қонаевта күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +16...+18, күндіз +31...+33 градус.

Қостанайда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +8...+10, күндіз +18...+20 градус.

Қызылордада күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Жел 4-9 м/с. Түнде +14...+16, күндіз +29...+31 градус.

Павлодарда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +12...+14, күндіз +21...+23 градус.

Петропавлда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +10...+12, күндіз +15...+17 градус.

Семейде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с, екпіні 15-18 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +13...+15, күндіз +25...+27 градус.

Талдықорғанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде +8...+10, күндіз +31...+33 градус.

Таразда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +13...+15, күндіз +27...+29 градус.

Түркістанда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Түнде +12...+14, күндіз +29...+31 градус.

Оралда күн құбылмалы бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 9-14 м/с. Түнде +12...+14, күндіз +22...+24 градус.

Өскеменде күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 1-10 м/с. Түнде +12...+14, күндіз +28...+30 градус болады.

Сурет: ашық дереккөзден




14 қыркүйек 2026 ж. 42 0