Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Мереке күндері ауа райы қандай болады

Мереке күндері ауа райы қандай болады

«Қазгиромед» РМҚ алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Кaz.inform.kz.

Синоптиктердің болжамынша, Республиканың басым бөлігінің ауа-райын Скандинавия түбегінің аудандарынан циклон қалыптастырады, онымен ауа-райының тұрақсыз сипаты күтіледі.

Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар, бұрқасын, 1-2 қаңтарда қатты екпінді жел, батыста, оңтүстік-батыста, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлерінде жауын-шашын болады (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деи күтіледі.

31 желтоқсанда еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанған. Қазақстан бойынша жел күшейіп, тұман түседі деп күтіледі.

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы: түнде батыста 5 градус аяз-5 градус жылы, күндіз 3 градус аяз -10 градус жылы, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде 2-13 градус аязға дейін, күндіз 7 градус аяз -2 градус жылы, шығыста түнде және күндіз 0-8 градус аязға дейін жоғарылауы күтілуде, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Фото: Pixabay
30 желтоқсан 2024 ж. 206 0