Туристік саланы дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды

«Бір апта мерзім ішінде туризм саласын цифрландыру және одан әрі дамыту бағытында нақты ұсыныстар енгізіңіздер. Арнайы бекітілген индикаторлардың толық орындалуы, өңірімізге келетін туристер санын арттыру бойынша жұмысты күшейтіңіздер. Кәсіпкерлердің туристік бағыттағы нысандары мен жол бойы сервистік кешендерінің құрылысына жұмсалған шығындарын субсидиялауға қатысты мемлекеттік қолдау шараларын ақпараттандыру керек", -деді аймақ басшысы. Мәжілісте жауапты тұлғаларға көктемгі залалсыздандыру жұмыстарынан бұрын елді мекен айналасы мен мал қораларды механикалық тазартуды ұйымдастыру тапсырылды. Оған қоса, залалсыздандыру жұмыстарының тиімділігіне талдау жасалып, қорытындысы облыс әкімдігіне баяндалуы тиіс. Конго-Қырым геморрагиялық қызбасын жұқтырған науқастарды емдейтін дәрі-дәрмек қорын қамдап, науқастарға дер кезінде ем-шара жүргізуді үйлестіру де басты назардағы мәселелер қатарында.
@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото:Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі