Конституция
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Газдандыру мәселелері қаралды

Газдандыру мәселелері қаралды

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде ауданның газ саласын дамыту және тұрғындарды табиғи газмен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Аудан басшысы газдандыру жұмыстарының халықтың тұрмыс сапасын арттырудағы маңызына тоқталды.

– Тұрғындарды табиғи газбен қамтамасыз ету – халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан газдандыру жобаларының әрбір кезеңі сапалы әрі уақытылы орындалуы қажет. Жауапты мекемелер үйлесімді жұмыс жүргізіп, қолға алынған жобалардың белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз етуі тиіс. Бүгінде ауданды табиғи газбен қамту деңгейі 60 пайызды құрайды. Соңғы үш жылда газдандыру саласына 4,7 млрд теңге бөлініп, нәтижесінде бес елді мекен көгілдір отынға қосылды. Қазіргі таңда аудан бойынша газдандыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Сонымен қатар мәжілісте «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жылу маусымына дайындық барысы қаралды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша жауапты сала басшыларына тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындау жүктелді. Атқарылатын жұмыстардың барысы тұрақты бақылауда болатыны атап өтілді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
07 шілде 2026 ж. 223 0