Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Германия президенті екінші мерзімге қайта сайланды

Германия президенті екінші мерзімге қайта сайланды

Германияда президент Франк-Вальтер Штайнмайер қайта президент болып сайланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

66 жастағы саясаткерді федералдық жиын мүшелерінің басым бөлігі қолдап дауыс берді. Жоғары лауазымды қызметке тағы 3 үміткер қатысқан еді. Бірақ үш кандидат та тиісті жинай алмай, сайлаудың бірінші турында-ақ жеңіліп қалған.

Айта кетейік, Франк-Вальтер Штайнмайер тәжірибесі мол саясаткер. Көп жылдар бойы Германияның сыртқы істер министрлігін басқарған ол Германияның Федералдық президенті болып 2017 жылы сайланған болатын. Жергілікті заң бойынша бұл лауазымға тек бір рет қана қайта сайлануға болады. Штайнмайер өзінің ұлықтау рәсімінде Украиндағы жағдайға тоқталып, Ресейді мәселені бейбіт келіссөз арқылы шешуге шақырды.

Франк-Вальтер Штайнмайер, Германия президенті:

– Мен ешбір партияның құрамында емеспін. Бірақ демкоратияға келгенде бейтараптықты сақтай алмаймын. Қазір Шығыс Еуропаға әскери қақтығыс қауіпі төніп тұр. Осы орайда Ресей президенті Путинді Еуропадағы бейбітшілікті сақтап қалу үшін мәселенің шешімін бірігіп іздеуге шақырамын.
14 ақпан 2022 ж. 1 091 1

Twyla от 28 ақпан 2022 04:01
czym różni się tworzenie strony w html i ccs od cms Hey! I'm at work browsing your blog from my new iphone! Just wanted to say I love reading your blog and look forward to all your posts! Carry on the excellent work!