Тоқаев Брюссельге барып, Еуропалық Кеңестің басшылығымен келіссөз жүргізеді
22-23 маусым күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес президенті Антониу Коштаның шақыруымен Брюссельге ресми сапармен барады. АқордаМемлекет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар аясында Еуропалық Кеңес президенті Антониу Коштамен және Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйенмен келіссөздер жоспарланған.
"Тараптар Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды", - делінген хабарламада.
Сапар бағдарламасында Бельгия премьер-министрі Барт де Вевермен кездесу қарастырылған.
Сонымен қатар мемлекет басшысы ірі еуропалық компаниялар жетекшілерінің қатысуымен өтетін "Қазақстан – ЕО" дөңгелек үстелінде сөз сөйлеп, бірқатар кездесу өткізеді.









