Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Мерекелік қабылдау өтті

Мерекелік қабылдау өтті

Аудан әкімінің орынбасары Нұржан Ешниязовтың төрағалығымен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласының жұмыскерлері күніне орай мерекелік қабылдау өтті. Жиынға «Әділет» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ақтөре Ибрагимұлы, сала ардагерлері мен қызметкерлер қатысты.

Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақты қамтамасыз ету, халықтың денсаулығын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.

– Адам өмірі мен денсаулығын қорғау – кез келген қоғамның тұрақты дамуының басты негіздерінің бірі. Осы жауапты міндетті күнделікті кәсіби қызметіне арқау еткен санитариялық-эпидемиологиялық сала мамандары жұқпалы аурулардың алдын алып, халықтың санитариялық саламаттылығын қамтамасыз ету жолында еңбек етіп келеді. Сіздердің еңбектеріңіз – халықтың денсаулығын қорғау, жұқпалы аурулардың алдын алу және ауданымыздағы санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақты қамтамасыз етудегі аса маңызды бағыттардың бірі. Күнделікті атқарып жүрген жауапты жұмыстарыңыз тұрғындардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатына тікелей ықпал етеді, - деді Нұржан Ерділдаұлы.

Сонымен қатар, «Әділет» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ақтөре Ибрагимұлы мен сала ардагерлері құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.

Мерекелік жиын барысында салада ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагерлер мен бірқатар қызметкерлерге аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.


Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
16 қыркүйек 2026 ж. 85 0