Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы тағайындалды

«Жаңа басшыға халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруды, жұқпалы аурулардың эпидахуалын тұрақты ұстауды, талаптардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Сонымен қатар, топтық уланудың алдын алу үшін өнімдер қауіпсіздігі мен ауыз су сапасын, білім беру, тәрбиелеу орындарындағы, әсіресе мектеп асханаларындағы гигиеналық, санитариялық талаптардың сақталуын бақылауды жүктеймін», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.
Сыздықова Гүлмира Жамбылқызы 1969 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Қызылорда медициналық училищесінде «Емдеу ісі», Қарағанды мемлекеттік медицина институтында «Медико- профилактикалық іс», «Тұран» университетінде «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған.
Еңбек жолын 1987 Қызылорда теміржол санитариялық-эпидемиологиялық станциясының маманы ретінде бастаған. 1995-1998 жылдары Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық станциясында дәрігер, 1999-2023 жылдары Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында түрлі лауазымды қызметтер атқарған. 2023 жылдан осы күнге дейін Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы қызметінде болған.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі