Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Мәселелер тұрақты бақылауда

Мәселелер тұрақты бақылауда

Кеше аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Жиында әлеуметтік көмектің атаулылығын қамтамасыз ету мәселелері мен бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Мемлекет басшысының әлеуметтік көмекті шын мәнінде мұқтаж азаматтарға бағыттау жөніндегі тапсырмасына сәйкес, республикалық бюджеттен көрсетілетін 14 әлеуметтік көмек түрінің құқықтық актілеріне скоринг жүйесі енгізілді. Аталған жүйе цифрлық карта арқылы отбасылардың әлеуметтік жағдайын бағалауға мүмкіндік береді. Цифрлық картада әлеуметтік жағдайы жақсы және қанағаттанарлық деп бағаланатын А және Б санатындағы отбасылар бойынша верификация жүргізу қажет. Бұл жұмысты 20 қыркүйекке дейін аяқтау тапсырылған.

Аталған тапсырманы белгіленген мерзімде сапалы орындау үшін кент және ауылдық округ әкімдіктеріне тиісті кесте бекітіліп жолданды.

Сонымен қатар, аудан басшысы «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафонында белсенділік танытып, оқырмандарды жобаға шақыру жұмыстарын басты назарда ұстауды атап өтті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
16 қыркүйек 2026 ж. 82 0