Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің білім күнімен құттықтауы

Аудан әкімінің білім күнімен құттықтауы

Құрметті ұстаздар мен білім саласының ардагерлері!

Қымбатты ата-аналар мен оқушылар!

Сіздерді жаңа оқу жылының басталуы – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!

«Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы» дейді дана халқымыз. Білім – баға жетпес байлық, мемлекет дамуының алтын арқауы. Ендеше, өсіп-өркендеудің, жетістікке жетудің негізі терең білімде жатыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім мен ғылымның дамуына аса мән беріп, жастарды оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге үндеп келеді. Ал аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен өңірімізде білім саласында айтулы жетістіктер мен ауқымды жұмыстар бар.

Жаңа оқу жылы жаңа қарқынмен басталуда. Биылғы жаңа оқу жылында ауданда 8262 оқушы білім алатын болса, оның ішінде 790 бала мектеп табалдырығын аттады. Оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалды.

Білім саласындағы жарқын жетістіктер аудан ұстаздарының еңбегінің нәтижесі деп білемін. Сондықтан мектептің жүрегі саналатын ұстаздар қауымына, оларға үнемі қолдау білдіретін сала ардагерлеріне шынайы алғысымды білдіремін.

Қадірлі ұстаздар!

Егеменді елдің болашағы – жастарды жан-жақты білімді етіп тәрбиелеу – заманның талабы. Сол себепті бұл жолда білім қызметкерлеріне артылар жауапкершілік зор. Дана халқымыз «Білімдіге дүние жарық» деп бекер айтпаған. Сондықтан ұстаздар қауымының білімді ұрпақ тәрбиелеудегі абыройлы істеріне сәттілік тілеймін.


Жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жағымды жаңалықтарға толы болсын!
01 қыркүйек 2024 ж. 218 0