Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа оқу жылына – жаңаша серпінмен: Білім саласында жаңалық көп

Жаңа оқу жылына – жаңаша серпінмен: Білім саласында жаңалық көп

Білім беру саласы – ең ауқымды сала. Жүйені жаңғырту – бүгінгі күннің басты талабы. «Білім – ырыс қазығы» десек, әрбір жаңа оқу жылына қадам басу – елімізде мерекеге айналады. Биылғы оқу жылына дайындық әлдеқашан басталып кеткен. Енді санаулы күннен кейін жаңа маусымға қадам басамыз. Бұл ретте, аудандық білім бөлімінің басшысы Еркебұлан Жақыппен сұхбат құрып, алдағы кезеңнің жаңалықтарын сұрадық.

– Еркебұлан Төлепбергенұлы, жақында Астана қаласында өткен республикалық Тамыз конференциясына қатысып кел­діңіз. Биылғы жаңалықтармен бөлісе отыр­саңыз...

– Дәстүрлі Тамыз конференциясына қаты­сып, білім беру саласындағы өзекті мәселе мен заманауи бағытты талқылауға мүмкіндік алдық. Конференция барысында еліміздің білім беру жүйесін дамыту, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау және білім саласына енгізіліп жатқан әрбір жаңа бастама жөнінде құнды пікірлер айтылды. Конференцияда тәжірибе алмасып, әріптестермен пікір бөлісу арқылы аудандық білім беру жүйесінің жұмысына қажетті көптеген жаңа идея мен тың көзқарасқа қол жеткіздік. Әсіресе, білім сапасын арттыру, педагогтерді қолдау және басқару жүйесін жетілдіру бағытындағы жекелеген ұсыныстың маңызы зор. Осы жылғы конференцияға ауданнан төрт ұстазымыз қатысып, тәжірибе жинақтап қайтты.

– Жаңа оқу жылында салада қандай жаңалық пен өзгеріс болады?

– Білім саласы, өздеріңіз білетіндей, әркез дамып, өзгеріп, бір орында тұрмайды. Жаңа оқу жылында білім беру жүйесінде оқушының оқу жүктемесін оңтайландыруға, іргелі білімді тереңдетуге, құқықтық және цифрлық сауаттылықты арттыруға бағытталған бірқатар маңызды өзгерістер енгізіледі. Соның ішінде, ата-аналар мен педагогтер үшін ең үлкен жаңалықтың бірі – бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ өткізілмейді, яғни дәстүрлі бақылау енгізіледі. Бұл бастауыш жасындағы баланың білімді меңгеру үдерісіне түсетін артық жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар 5-9 сыныпта іргелі пәндерді тереңірек оқытуға басымдық беріледі. 8-9 сыныпта «Қазақстан географиясы» пәнін аптасына 2 сағат оқыту жоспарланып отыр. Тағы бір маңызды бағыт – құқықтық білім беруді күшейту. 1 қыркүйектен бастап 5-7 сыныптарға «Конституция негіздері», 8-11 сыныптарға «Заң және тәртіп» курстарын енгізу жоспарланған. Қолданыстағы «Құқық негіздері» пәнінің мазмұны жаңартылады.

Жаңа оқу жылындағы тағы бір елеулі жаңалық – жасанды интеллектінің мектеп пәндерінің мазмұнына ресми түрде енгізілуі. 1-4 сыныптардағы «Цифрлық сауаттылық» пәні енді «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект», ал 5-11 сыныптардағы «Информатика» пәні «Информатика және жасанды интеллект» болып өзгереді. Жалпы алғанда, аталған өзгерістердің негізгі мақсаты – білім сапасын арттырумен қатар, оқушының құқықтық, цифрлық сауаттылығын жетілдіру, заманауи технологияны меңгеруіне жағдай жасау және оны өмірге бейім, жауапкершілігі жоғары тұлға ретінде қалыптастыру.

– Ал ауданымыз жаңа оқу жылына толық дайын ба?

– Жүз пайыз дайынбыз. Білім ордалары оқушылар мен ұстаздарға есігін айқара ашуға санаулы күндер қалды. Алдағы оқу жылы ауданымыз үшін табыст­ы болады деген ниеттеміз.

– Ауданда қанша оқу­шы бар, қанша ұстаз бар, биыл мектеп табал­дырығын қанша бала аттайды?

– Аудан бойынша 53 білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Оның ішінде, 30 мектепке дейінгі білім беру ұйымы, 17 мектеп, 6 қосымша білім беру ұйымы бар. 2026-2027 оқу жылында 8065 оқушы қам­тылады деп жоспарлануда, оларға 1319 мұғалім сабақ береді. Ал 1 сыныпқа 751 бала қабылданатын болады. Бүгінгі күнге 754 бала электронды форматта e-gov порталы арқылы қабылданды. 2025-2026 оқу жылында барлығы 585 оқушы мектеп бітіріп, оның ішінде 487-сі ҰБТ-ға қатысқанын да айтып өту орынды. ҰБТ-ның орташа балл көрсеткіші – 85,6 пайызды құрады. Сондай-ақ 404 оқушы грант конкур­сына қаты­су­ға өтініш беріп, 349-і мем­­лекеттік грант иегері атан­­ды. Жақсы көрсеткіш деп есептейміз. Биылғы оқу жылы­н­да 11 сыныпта 532 оқушы оқиды деп жоспарлану­да.

– «Мектепке жол» акция­сы ауданда қалай жүргізіліп жатыр? Жалпы оқу жылы қарсаңында балаларға қандай көмектер қарастырылуда?

– «Мектепке жол» акциясы 1 тамыз бен 30 қыркүйек арасында өтеді. Жаңа оқу жылы қарсаңында балаларға қуа­­­ныш сыйлауды мақсат ете­­тін республикалық акция­­­ға үн қосушылар қатары бар­­­­­шылық. Аудандық бі­лім қызметкерлері кәсіподағының аудан­дық комитетінің ұйым­дас­тыруымен білім саласында қызмет ететін көпбалалы, аз қам­тылған 80 қызметкердің бала­ларына мектеп құрал­дары толтырылған сөмке табысталды. Сондай-ақ жалпыға міндетті оқу қоры есебінен берілетін бір реттік қаржылай көмек алатын бала саны – 2208-ді құрайды. Ата-аналардан келген өтініштер негізінде барлық мектепте комиссия құрылып, түскен құжаттар зерделенді. Нәтижесінде, тамыз айының 13-15 аралығында аудан бойынша 2208 балаға тиісті қаржы ата-аналардың есеп шоттарына аударылып берілді.

– Білім ордаларына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді ме?

– Иә, биыл білім беру ұйымдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен 240 млн теңге бөлініп, жеті мектепке жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде, №35, №36, №37, №42, №131, №139, №191 мектептер бар. Аудан орталығындағы №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейіне «Қазақстан Ұлттық қорынан» 250 млн теңге бөлініп, модификациялық кабинеттер жасақталды. 2026 жылы 127,4 млн теңгеге 8 мектепке ағымдағы жөндеу жұмысы, оның ішінде, №37, №44, №126, №131, №135, №191, №210 мектептердің асхана, спорт залдары, кафельдерін алмастыру жұмысы жүргізілді. Сонымен қатар барлық білім беру ұйымында ағымдағы жөндеуге айрықша басымдық берілді. Білім беру ордасының талапқа сай, таза, оқушыларға жайлы болуы маңызды. Сондай-ақ жылу маусымына дайындық толықтай жүргізілді.

– Жаңа оқу жылын жоғары дайындықпен қарсы алу – сапалы білім мен жарқын жетістіктерге бас­тар алғашқы қадам. Алдағы оқу жылы ұстаздар мен оқушылар үшін ізденіске толы, жемісті де жарқын жыл болсын! Жаңа оқу жылы жаңа жетістіктердің, жақсы жаңалықтардың және үлкен мүмкіндіктердің жылы болғай! Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан
Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
29 тамыз 2026 ж. 2 080 29

Алия от 29 тамыз 2026 18:03
Жаңа оқу жылына сәттілік тілеймін! 

Алия от 29 тамыз 2026 18:04
Жаңа оқу жылына сәттілік тілеймін!

Ақшолпан от 29 тамыз 2026 18:44
  • Жаңа оқу жылы құтты болсын!

Динара от 29 тамыз 2026 18:45
Жаңа оқу жылы құтты болсын ! Сәттілік !

Динара от 29 тамыз 2026 18:47
Жаңа оқу жылы құтты болсын ! Сәттілік

Aizat от 29 тамыз 2026 18:56
Жаңа оқу жылы жаңа мақсат, жаңа мүмкіндік, биік жетістіктер әкелсін!

Динара от 29 тамыз 2026 19:04
Жаңа оқу жылына сәттілік!

Ержан от 29 тамыз 2026 19:43
Жаңа оқу жылы құтты болсын! Ұстаздарымызға толағай табыс тілеймін!

Есмаганбетова Айткуль от 29 тамыз 2026 20:17
Жаңа оқу жылы сәтті басталып, әр мектепте білім мен тәрбиеге толы берекелі жыл болсын!
Сырдария ауданының білім саласы жаңа жетістіктермен толыға берсін!

Сандуғаш от 29 тамыз 2026 20:59
  1. Керемет дайындық! Жаңа оқу жылы сәттілік пен жетістіктерге толы болсын!

Маржан Бекишова от 29 тамыз 2026 21:19
Жаңа оқу жылына сәттілік!

Маржан от 29 тамыз 2026 21:21
Жаңа оқу жылына сәттілік!

Каршыга Акимжанова от 30 тамыз 2026 08:00
Жаңа оқу жылы табысты, жетістікке толы жыл болсын! Сәттілік!

Динара от 30 тамыз 2026 08:02
Жаңа оқу жылы сәттілікке толы жыл болсын! Білім алушылардың зейіндері ашылсын! 

Динара от 30 тамыз 2026 08:02
Жаңа оқу жылы сәттілікке толы жыл болсын!

Айткүл от 30 тамыз 2026 08:05
Жаңа оқу жылы құтты болсын!

Кәмшат от 30 тамыз 2026 08:10
Жаңа оқу жылы — жаңа мүмкіндіктер мен жаңа белестердің бастауы болсын! Баршаңызға сәттілік, шабыт және биік жетістіктер тілеймін!

Нұрлан от 30 тамыз 2026 08:21
Жаңа оқу жылына сәттілік

Нұрлан от 30 тамыз 2026 08:24
Жаңа оқу жылына сәттілік

Нурсауле от 30 тамыз 2026 10:59
Жаңа оқу жылына сәттілік! 

Гүлжайна от 30 тамыз 2026 11:02
Жаңа оқу жылы құтты болсын!

Валихан от 30 тамыз 2026 11:12
Жаңа оқу жылы құтты болсын.Ауданымыздың жетістіктері көп болсын!

Шолпан от 30 тамыз 2026 11:44
Жаңа оқу жылы құтты болсын

Шолпан от 30 тамыз 2026 11:47
Жаңа оқу жылы құтты болсын

Жайылхан от 30 тамыз 2026 12:01
Жаңа оқу жылы құтты болсын! Сәттілік

Жайылхан от 30 тамыз 2026 12:03
Жаңа оқу жылы құтты болсын! Сәттілік!

Жайылхан от 30 тамыз 2026 12:06
Жаңа оқу жылы құтты болсын!Сәттілік!

Арайлым от 30 тамыз 2026 14:51
Білім беру саласындағы керемет бастамалар мен игі істер болашақ ұрпақ үшін үлкен мүмкіндіктерге есік ашады. Осы орайда білім бөлімі атқарып жатқан жұмыстар мен іс шараларды жоғары деңгейде деп  бағалаймын. Ұстаздар мен оқушыларға жасап жатқан осындай қолдаулар жалғасын таба берсін

Эльвира от 30 тамыз 2026 15:45
Жаңа оқу жылы құтты болсын! Жаңа оқу жылы - жаңа мақсаттар мен биік белестерге бастайтын жарқын кезең. Әрбір жаңа күн білімге, ізденіске, жетістікке толы болсын!