Аудан әкімі жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысты
Аудан әкімі Берік Сәрменбаев аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікеновпен бірге С.Сейфуллин, Қалжан Ахун, Қоғалыкөл, Іңкардария ауылдарындағы білім беру ұйымдарына барып, 2026–2027 жаңа оқу жылының дайындық жұмыстарымен танысты.Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайын қарап, жаңа оқу жылын талапқа сай ұйымдастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды бағамдады.
Аудан басшысы білім ошағындағы кабинеттерді, кітапхана, акт залын, спорт залы мен асхананы аралап көрді. Сонымен қатар, мектептің жылыту қазандықтарын да көріп, барлығы жаңа оқу жылына дайын болу керектігін атап өтті. Жаңа оқу жылын оқушылар жаңа леппен қарсы алуда еш кедергі болмау керектігін тапсырды.
Аудандық білім бөлімінің басшысы Еркебұлан Жақып ауданда білім ошақтары ағымдағы жөндеуден өткізіліп, жаңа оқу жылына дайын екенін атап көрсетті. Айта кетейік, аудан бойынша 2026-2027 оқу жылында 8065 оқушы оқиды, оның ішінде 1 сыныпқа 754 оқушы қабылданады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі










