Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Бағалау жүйесі өзгереді

Бағалау жүйесі өзгереді

Жазғы демалыстың аяқталып, оқу жылының қайта басталуына да санаулы уақыт қалды. Оқу-ағарту министрлігі мектептегі бағалау жүйесі өзгеретінін мәлімдеді. Бұл – бастауыш сынып оқушыларына қатысты жаңалық.

Бұған дейін оқушының тоқсандық жиынтық бағалауы тоқсан­дық бағаның 50 пайызын құрайтын. Ал қалған бөлік күнделікті қа­лып­тастырушы бағалау мен бөлім бойынша жиынтық бағалау нәтижелерінен қалыптасатын. Осыған орай оқушы тоқсан бойы тапсырманы түгел орындап, сабаққа тұрақты қатысып жүрсе де, тоқсандық жиынтық бағалаудан төмен балл алса, жалпы есеп төмендеп кетуі мүмкін еді.

«Біздің ойымызша, бұл әділетті емес. Өйткені бастауыш мектепте басты мақсат – баланы бағалау емес, оның білімге деген қызығушылығын қалыптастыру, өзіне деген сенімін нығайту. Сондықтан біз балалар үшін қолайлы, әділ әрі дамытушы бағалау жүйесін қарастырып жатырмыз» дейді Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.

Негізінен бұндай тал­дау бірнеше бағыт бойынша жүргізілген. Оның ішінде, ата-ана­­лардың өтініші, ұс­таз­дардың ұсынысы және бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістігін бағалау мони­торингінің нәти­желері, оқушылардың жас ерекшеліктері ес­­керіл­ген. «Білімнің кілті – бастауышта» екенін назарға алсақ, бастауыш оқушысының басын БЖБ, ТЖБ секілді терминдермен қатырмай, білімге қызықтырған тиімді.

Қолданыстағы жүйенің орнына оқушылардың білімін жас ерекшеліктеріне сәйкес бағалау нысандары енгізіледі. Яғни, жаңа оқу жылынан бастап бас­тауыш сынып оқушыларының оқу бағдарламасын меңгеру деңгейі дәстүрлі бағалау түрлері арқылы анықталады. Атап айтқанда, диктант, мазмұндама, бақылау, практикалық жұмыс пен шығармашылық жұмыстар мұғалімнің тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде оқушы білімін объективті бағалауға және дағдыларды дамытуға қолайлы болмақ.

Сондай-ақ жаңашылдық мұғалімдерді қағазбастылықтан «құтқаратын» болады. Министрдің мәліметінше, бір ғана бастауыш сынып мұғалімі БЖБ мен ТЖБ өткізу үшін жылына шамамен 4 мың ақ парақ жұмсайды. Ал оны тексеріп шығуға 112 сағатқа жуық уақыт кетеді. Ресми ақпаратқа сүйенсек, қазіргі таңда бағалау жүйесін өзгертуге байланысты қолданыстағы №125 бұйрыққа өзгерістер енгізіліп жатыр. Бұл мәселе жақында Астанада өткен бастауыш сынып мұғалімдерінің республикалық жиынында талқыланып, педагогтердің басым көпшілігі осы мәселе төңірегіндегі министрліктің ұсы­нысын қолдаған.

«Тт» ақпарат

04 тамыз 2026 ж. 78 0