Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Көз аурулары салдарынан 3 мыңнан астам балаға мүгедектік белгіленген

Көз аурулары салдарынан 3 мыңнан астам балаға мүгедектік белгіленген

KAZINFORM – Елімізде көзі нашар көретін 3 мыңнан астам балаға мүгедектік белгіленген, оның ішінде 300-ге жуық бала – үш жасқа толмаған. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Kazinform агенттігінің ресми сауалына берген жауабында мәлім болды.

– Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда көздің тамырлы қабығы аурулары диагнозымен 1 951 бала ем қабылдаған. Сондай-ақ торқабық ауруларымен – 1 062, көру жүйкесінің ауруларымен – 1 025, қабақ ауруларымен – 1 016 және қылилығы бар 852 балаға медициналық көмек көрсетілді. Ал күндізгі стационарда дегенеративті көз ауруларымен – 1 735, қылилықпен – 1 056, қабақ ауруларымен – 614 және торқабық ауруларымен 554 бала емделген, – делінген жауапта.

Министрліктің мәліметінше, амбулаториялық деңгейде балалар арасында ең жиі кездесетін көз ауруларының қатарына миопия, қылилық, катаракта және глаукома жатады. 

– 2026 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 17 жасқа дейінгі 3 мыңнан астам балаға мүгедектік белгіленген. Оның ішінде 300-ге жуық бала үш жасқа толмаған. Ал 29 245 бала динамикалық бақылауда тұр. Оның ішінде 25 193 балада рефракция және аккомодация бұзылыстары анықталған. Ал миопия диагнозымен 18 211 бала есепке алынған, – делінген хабарламада.

Балалар арасында мүгедектікке негізінен көздің туабітті ақаулары, торқабықтың тұқым қуалайтын дистрофиялары, көру жүйкесінің, көздің тамырлы қабығы мен торқабығының аурулары, сондай-ақ жоғары дәрежелі миопияның асқынған түрлері себеп болады. 

Айта кетейік, келесі жылдан бастап елімізде жаңа туған нәрестенің туабітті көз ауруын ерте анықтауға арналған жаңа скрининг түрі енгізіледі. 


Коллаж: Kazinform / Nano Banana

02 тамыз 2026 ж. 42 0