Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » «Антиколл-орталық» – алаяқтарға тосқауыл

«Антиколл-орталық» – алаяқтарға тосқауыл

Қазіргі уақыт­та ин­тер­­нет-алаяқтық­тың түр­лері көбейіп, азамат­тардың қар­­­жы­сын заңсыз ием­дену жағ­дайлары жиі­­­леп кетті. Әсіресе элек­трондық қызмет­терді толық мең­гермеген егде жас­­тағы адамдар жиі зар­дап шегеді. Кей жағ­­дай­лар­да олардың те­лефоны не­месе жеке деректері ар­қылы өзге адам­дар заңсыз нес­­ие рәсім­деп, қаржыны жеке мақ­саттары­на жұмсайтын фактілер де кездеседі. Сонымен бірге кәсіби алаяқтар түрлі айламен азаматтардың жеке мә­лімет­терін алып, олардың атына қашықтан несие рәсімдеп жатады. Осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу маңызды.

– Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасымен 2025 жылдың сәуір айынан бастап «Антиколл-орталық» жобасы іске асырылуда. Жобаны іске асыру барысында бүгінгі күні алаяқтардың 1,5 миллионнан астам қоңырауы бұғатталған. Аталған жүйе алаяқтық қоңырауларды бұғаттаумен қатар, алаяқтардың байланысына түскен азаматтарды анықтауға мүмкіндік береді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы сомасы 251 млн теңгені құрайтын 114 кредиттің заңсыз рәсімделуінің жолы кесілді. Жобаны іске асыру соңғы үш жылда алғаш рет интернет-алаяқтық қылмыстары санының өсуінің теріс үрдісін өзгертуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде олардың саны 11 пайызға төмендеп, 12 390-нан 11065-ке дейін азайды. Құрметті аудан тұр­ғындары! Қырағылық танытып, жеке деректеріңізді қорғаңыз. Интернет кеңістігін қауіпсіз пайдалану – әр азаматтың жауапкершілігі. Алаяқтардың арбауына түсіп қалмау үшін ақпараттық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз, – дейді аудан прокуроры Абай Әлімбаев.

Айта кетейік, «Антиколл-орталық» – Бас прокуратура мен «Қазақтелеком» бірлесе отырып құрған жоба. Негізгі мақсаты – ел аумағындағы телефон арқылы жасалатын алаяқтық қоңырауларды анықтап, автоматты түрде бұғаттау. Жүйе арқылы қылмыстық әрекеттер мен алаяқтық деңгейін төмендету көзделеді. Осы уақытқа дейін аталған жоба өз мүмкіншілігін тиімді пайдаланып, байланыс операторларымен тығыз жұмысты үйлестіріп келеді.

Бұл ретте тұрғындарға бейтаныс нөмірден хабарласып, өзін банк, құқық қорғау органы немесе басқа да қызметкер ретінде таныстырса, әр сөзіне мән беру қажеттігін ескертеміз. Алаяқтар кәсіби маманша сөйлеп, арбап алуы мүмкін. Қоңырау шалған адам қандай да қызметті жаңарту үшін сілтемеге қосылуды немесе кодты айтуды сұраса, жауап бермеңіз. Байланысты үзіп, бұл туралы тиісті органдарға хабарлау маңызды. Сондай-ақ қауіпсіздік үшін банк шотын уақытша бұғаттау да артықтық етпейді. Осы ретте, ескерте кетейік, қызметкерлер сізден ешқандай код сұрамайды, тек арнайы жеңілдік туралы ақпараттандыруы мүмкін.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
Коллажды жасаған Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»
01 тамыз 2026 ж. 65 0