Алаяқтардың арбауына түспеу үшін не істеу керек?

– Интернет алаяқтықтың басқа қылмыстарға қарағанда басты ерекшелігі – жалпақ жұрттың бәріне қатысты жасалуында болып отыр. Ол дегеніміз - қолында компьютер, смартфон, планшеті бар адам кез келген уақытта интернет алаяқтардың құрбанына айналуы мүмкін. Қылмыскерлер уақыт талабынан қалмай, азаматтардың ақшалай қаражатын жымқырудың түрлі жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануда. Әсіресе, олар әлеуметтік желілердің мүмкіндігін ұтымды пайдаланып отыр. Өңірде жыл басынан бері 298 дерек тіркеліп, ол жалпы тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың 37,3 пайызын құрап отыр. Жыл басынан бастап облысымызда 118 интернет-алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық істер тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесімен 41 қылмыстық іс өндірістен аяқталып, түпкілікті шешім қабылданған. Қазіргі уақытта өңірімізде ең жиі кездесіп жүрген бірнеше интернет алаяқтықтың түрлері бар. Ең жиі кездесетіні – өзін ұялы байланыс операторы немесе банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректеріңізге қол жеткізгісі келеді. Айта кету керек, Қазақстанның байланыс операторлары алаяқтық мақсатпен шетелден қоңырау шалатын нөмірлерді бұғаттайды. Осы уақытқа дейін 50 миллионнан астам қоңырау бұғатталған. Облысымызда интернет-алаяқтық қылмыстарымен айналысу мақсатында «Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы» құрылып, арнайы ақпараттық техникалармен жабдықталып ашу бағытында жұмыстарды атқаруда,- деді Тимур Зуфарұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі