Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Шаған ауылындағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысын бақылады

Аудан әкімі Шаған ауылындағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысын бақылады

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Шаған ауылындағы Ғ.Мұратбаев көшесінің күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысып, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады.

Аталған жобаның жалпы құны 209,8 млн теңгені құрайды. Жобаны мердігер мекеме – «Р и А Сервис ЛТД» ЖШС, ал техникалық қадағалауды «Абылайхан АА» ЖШС жүзеге асыруда.

Жоба аясында ұзындығы 1,3 шақырым болатын көше мен тротуарға күрделі жөндеу жүргізілуде. Қазіргі таңда қиыршық тас төсеу және тротуарларға бордюр орнату жұмыстары толық аяқталған. Бүгінде көше мен тротуарға асфальт-бетон жабындысын төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Аралау барысында аудан әкімі құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімінде аяқталуына ерекше назар аударып, жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

27 шілде 2026 ж. 55 0