Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпір құрылысы қарқынды жүргізілуде

Көпір құрылысы қарқынды жүргізілуде

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергеновпен бірге «Қызылорда – Жалағаш» облыстық маңызы бар автомобиль жолының 47,9 шақырымындағы көпірді күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Қазіргі таңда нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Жоба аясында көпірдің негізгі конструкцияларын жаңғырту және көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда.

Аталған жоба бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын мердігер мекеме – «Сервис НС» ЖШС жүргізуде. Техникалық қадағалаушы – «Ақмешіт Элит Строй» ЖШС. Құрылыс жұмыстарының жалпы ұзақтығы 6 айды құрайды.

Аудан әкімі жауапты мердігер мекемелерге құрылыс сапасын қатаң бақылауда ұстап, жұмысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, жол қозғалысына қолайсыздық туғызбау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

21 мамыр 2026 ж. 42 0