Қазақстанда 48 градусқа дейін күн ысиды
«Қазгидромет» 20 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің оңтүстік пен оңтүстік-шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз, аптап ыстық ауа райы сақталады.
Ең жоғары температура Түркістан облысында күтіледі. Мұнда күндіз ауа температурасы +46…+48 градусқа дейін көтеріледі. Сондай-ақ Тараз бен Қонаевта +41…+43°С, Алматы, Шымкент және Талдықорғанда +40…+42°С ыстық болады. Қызылордада +37…+39°С, Өскеменде +35…+37°С, Семейде +36…+38°С күтіледі.
Астанада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ пен дауыл болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы +29…+31°С шамасында болады.
Ақтөбе, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Орал және Ақтау қалаларында да жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі. Кей өңірлерде нөсер жаңбыр мен бұршақ жаууы ықтимал.
Синоптиктер тұрғындарға ауа райының қолайсыз құбылыстарын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» шілде айында елімізде 44 градусқа дейін күн ыситынын хабарлаған еді.
Фото: istockphoto.com











