Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің оңтүстігінде күн 45 градусқа дейін ысиды

Еліміздің оңтүстігінде күн 45 градусқа дейін ысиды

«Қазгидромет» мәліметінше, ел аумағында солтүстік-батыс циклонының және оған байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

15-16 шілде күндері еліміздің кейбір аумақтарында нөсерлі жаңбыр болып, бұршақ түсуі, желдің екпіні күшеюі мүмкін. Сонымен қатар ауа температурасы төмендеп, күндізгі уақытта 25-30°C шамасында болады.


«Ал еліміздің оңтүстік өңірлерінде аптап ыстық сақталады. Өзбекстан аумағынан келетін құрғақ ауа массалары Қазақстанның оңтүстік және шығыс өңірлеріне ықпалын жалғастырып, көбіне жауын-шашынсыз ыстық ауа райын қалыптастырады», делінген хабарламада.

Күндіз оңтүстікте ауа температурасы 40-45°C-қа, ал шығыста 33-38°C-қа дейін ысиды.

Еске сала кетейік, бүгін республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал таулы аймақтарда бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін екенін хабарлаған едік.

Фото: Depositphotos.com
13 шілде 2026 ж. 53 0