Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлерге жалақы төлеу тәртібі өзгеруі мүмкін

Дәрігерлерге жалақы төлеу тәртібі өзгеруі мүмкін


Ол үшін Денсаулық сақтау министрлігі дифференциалды тәсіл қолдануды ұсынады,-деп хабарлайды "24 kz" сайты.
Сала басшысы Елжан Біртановтың айтуынша, жалақы мәселесіне баса назар аудару қажет. Бұдан былай дәрігерлердің айлық табысы атқарған жұмысына қарай бағаланып, қосымша үстемақы қосылып тұруы ықтимал. Министрдің сөзіне сенсек, республика бойынша дәрігерлердің орташа жалақысы 159 мың теңгеге тең. Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттерде бұл көрсеткіш 2-3 есе артық. Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:  - Медициналық мекеме басшылары қызметкерлерді ынталандыруға баса мән беруі керек. Ол үшін еңбекке ақы төлеудің дифференциалды жүйесі қолданылады. Қажетті әдістемелік ережелер дайындалып, аймақтарға жөнелтілді. Жалақыны ұлғайтуға мекемелердің қаржылық қоры жеткілікті деп ойлаймын.
07 ақпан 2018 ж. 1 320 0