Аудандық білім бөлімінде алқа мәжілісі өтті
Жақында білім бөлімі басшысы Еркебұлан Төлепбергенұлының төрағалығымен алқа мәжілісі өткізілді. Мәжіліске мектеп директорлары мен білім бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Сонымен қатар, ағымдағы мәселелер бойынша 1-сыныпқа қабылдау, мектептердің ішкі және сыртқы тазалығы, «Үздік ұйым» сайысының ережелері және педагог әдебі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мәжіліс қорытындысы бойынша көтерілген барлық мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалу мерзімдері айқындалды. Берілген тапсырмалардың сапалы әрі уақытылы орындалуы тиісті жауапты тұлғаларға жүктелді. Сонымен қатар, аталған тапсырмалардың орындалу барысы тұрақты бақылауға алынып, білім бөлімі басшылығы тарапынан қадағаланады.









