Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда сәуір айының басында 32 градусқа дейін күн жылынады

Қазақстанда сәуір айының басында 32 градусқа дейін күн жылынады

Алдағы күндері еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +32 градусқа дейін көтеріледі. Бірақ бірнеше өңірде найзағай ойнап, жаңбыр жауып және жел күшейеді, деп жазады Egemen.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Дегенмен, батыс өңірлер мен оңтүстіктің таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Батыста кей жерлерде жауын-шашынның күшеюі және желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Сондай-ақ республика бойынша түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түсу ықтималдығы жоғары. Бұл көлік қозғалысына әсер етуі мүмкін, сондықтан жүргізушілерге сақ болу ұсынылады.
Ауа температурасы өңірлер бойынша айтарлықтай ерекшеленеді. Атап айтқанда:

Солтүстік-батыста – +17…+26 градус;
Солтүстікте – +13…+20 градус;
Орталықта – +12…+23 градус;
Шығыста – +5…+22 градус;
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа температурасы +23…+32 градусқа дейін көтеріледі;

Батыста керісінше, +13…+20 градусқа дейін салқындау күтіледі.Күннің күрт жылынуы мен жауын-шашынның қатар жүруі кей өңірлерде қолайсыз жағдай туғызуы мүмкін.


Фото: Ашық дереккөз
30 наурыз 2026 ж. 53 0