Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » 700-ге жуық Сыр жастары әскерге аттанады

700-ге жуық Сыр жастары әскерге аттанады

Қызылорда гарнизонында көктемгі науқандағы мерзімді әскери қызметке шақыру аясында 700-ге жуық Сыр елінің жастары әскерге аттанады.

Әскери қызметке шақырылушыларды таңдау барысында денсаулығы мен алған мамандығы ескерілуде. Мерзімді әскери қызметке шақыру медициналық комиссиялар мен жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен жүзеге асырылады. Денсаулығы мықты, дене бітімі шыныққан, сауаты жеткілікті, моральдік-іскерлік қабілеті жоғары азаматтар ҚР Қарулы Күштері қатарына,ҚР ҰҚК Шекара қызметінде, ҚР ІІМ Ұлттық ұланы мен ҚР төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты бөлімдері және Мемлекеттік Күзет қызметінде борыштарын өтейтін болады.

-Барлық аудандық, қалалық шақыру және облыстық жиын пункті көктемгі мерзімді әскери шақыруға толық дайын. Азаматтарды әскери бөлімдерге жіберместен бұрын коронавирусқа қарсы зертханалық ПТР-тесті жүргізіледі. Әскери бөлімде жас сарбаздар екі апта карантинде болады. Онда психологиялық-әлеуметтік жағдайы анықталып, медициналық тексерулер жүргізіледі, - дейді Қызылорда облысы ҚІЖД мерзімді әскерге шақыру бөлімінің бастығы, майор Нұржан Мелдебеков.

Көктемгі шақырылым кезеңі 1 шілдеде яғни, әскерге шақырылушылардың соңғы легі әскери бөлімге қызметке келген кезде аяқталады.

Сыр елінде соңғы жылдары Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарын толықтыруға ниет білдірушілер саны артып келеді. Кәсібі, жоғары білімі бар азаматтар жақсы нәтижелер көрсету арқылы келісімшарт бойынша әскери қызметке орналаса алады.

Көктемгі әскерге шақыру науқаны ағымдағы жылдың 1 наурызында басталды.

Мұхит Қонаров,
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы,
сержант 
11 сәуір 2021 ж. 703 0