Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Референдум: 2 миллионнан астам азамат дауыс берді

Референдум: 2 миллионнан астам азамат дауыс берді

Республика азаматтарының 19,2 пайызы референдумда дауыс берді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Ләззат Сүйіндік мәлім етті. KAZINFORM

Оның дерегінше, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 10-00-дегі жағдай бойынша өңірлерде азаматтардың келуі:

Абай облысы бойынша – 17,98%.
Ақмола облысы бойынша - 19,82%.
Ақтөбе облысы бойынша – 21,80%.
Алматы облысы бойынша – 18,10%.
Атырау облысы бойынша –19,44%.
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 18,80%.
Жамбыл облысы бойынша – 18,49%.
Жетісу облысы бойынша – 21,01%.
Қарағанды облысы бойынша - 26,64%
Қостанай облысы бойынша –19,24%.
Қызылорда облысы бойынша – 24,02%.
Маңғыстау облысы бойынша - 18,53%
Павлодар облысы бойынша –16,36%.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –18,72%.
Түркістан облысы бойынша – 21,21%.
Ұлытау облысы бойынша – 20,31%.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 20,64%.
Астана қаласы бойынша – 20,68%.
Алматы қаласы бойынша – 9,54%.
Шымкент қаласы бойынша – 21,36%.
- Жалпы, сағат 10-00-дегі жағдай бойынша республиканың 2 393 844 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 19,21 пайызы, - деді Ләззат Сүйіндік.

Орталық референдум комиссияның мәліметінше, елімізде 12 461 796 дауыс беруші тіркелген. Заң бойынша, осы саннан 1% артық бюллетень әзірленеді. Демек, 12 586 414 бюллетень болмақ. Алайда жыртып не бүлдіріп алса, азаматтарға жаңа бюллетень берілмейді.

Егер азамат ешқайда тіркелмеген болса, мұның да шешімі қарастырылған. Ел бойынша 220 учаскеге 1 тәулікке тіркелуге болады. Мұндай жағдайда азамат тізімге енгізіліп, дауыс беру үшін оған бюллетень ұсынылады. 

Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

15 наурыз 2026 ж. 45 0