Қазақстандықтардың 30,65 пайызы дауыс берді
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 12:00-де өңірлерде азаматтардың келуі мынаны құрады:
1. Абай облысы бойынша – 33,58 %
2. Ақмола облысы бойынша – 33,63%
3. Ақтөбе облысы бойынша – 33,18 %
4. Алматы облысы бойынша – 34,41%
5. Атырау облысы бойынша – 30,66%
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 33,61%
7. Жамбыл облысы бойынша – 35,82%
8. Жетісу облысы бойынша – 33,15%
9. Қарағанды облысы бойынша – 34,19%
10. Қостанай облысы бойынша – 37,39%
11. Қызылорда облысы бойынша – 32,78%
12. Маңғыстау облысы бойынша – 32,43%
13. Павлодар облысы бойынша – 34,26%
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 32,81%
15. Түркістан облысы бойынша – 38,29%
16. Ұлытау облысы бойынша – 34,61%
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 34,16%
18. Астана қаласы бойынша – 23,35%
19. Алматы қаласы бойынша – 11,25%
20. Шымкент қаласы бойынша – 19,63%
– Неғұрлым белсенді сайлаушылар Түркістан, Қостанай және Жамбыл облыстарында. Жалпы, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша республиканың 3 687 608 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 30,65 пайызын құрайды. Барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру процесін кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірген адамдары, халықаралық байқаушылар аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері байқауда, – дейді жауапты тұлғалар.
Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 14:10, 16:10, 18:10, 19:00 және 20:10-да берілетін болады. Алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпаратты ОСК сағат 22:10-те ұсынады.
Қазіргі уақытта дауыс беру 10 164 сайлау учаскесінде өтуде. Оның ішінде 17 шет мемлекеттегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 18 учаске бар.