Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

Елімізде Наурыз мейрамы қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады

Қазақстанда Наурыз мейрамының қарсаңында қосымша пойыздар жолға шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы Наурыз мейрамы қарсаңында, "Жолаушылар тасымалы" АҚ мәліметінше, қосымша біржолғы пойыздар іске қосылады:

- №202/201 Астана-1-Павлодар, Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері жөнелтіледі, ал Павлодардан 21, 25 наурыз күндері кері шығады;

- №204/203 Астана-1-Алматы-1, Астана-1-ден 20, 24 наурыз күндері, ал Алматы-1 ден 21, 25 наурыз күндері;

- №205/206 Алматы-2-Арыс-1, Алматы-2- ден  21 наурыз күні, ал Арыс-1 -ден  23 наурыз күні;

- №241/242 Қызылорда-Атырау, Қызылордадан 20, 22, 24 наурыз күндері, ал Атыраудан 21, 23, 25 күндері кері бағытта жүреді.

Сонымен қатар, №49/50 Алматы-2 - Орал бағытындағы пойыздың қосымша құрамы Алматы-2-ден 13 наурыз күні шықса, Орал қаласынан 16 наурызда кері сапарға шығатыны айтылады.

13 наурыз 2019 ж. 733 0