Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ҮЕҰ өкілдері марапатталды

ҮЕҰ өкілдері марапатталды

Бүгін «27 ақпан - Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар» күніне арналған «Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуеті арқылы жергілікті қоғамдастық қызметін дамыту» тақырыбында кездесу өтті.

Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Ділмұхамед Абизов, «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Анар Ізден және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, кент және ауылдық округ әкімдері мен жергілікті қоғамдастық мүшелері қатысты.

Мерекелік жүздесуде азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, жергілікті қоғамдастықтардың жұмысын жандандыру, ауылдық аумақтарды дамыту және әлеуметтік жобаларды тиімді іске асыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық дербестігін арттыру, 4-ші деңгейлі бюджетті енгізу және азаматтық сектордың әлеуетін дамыту бағытында маңызды ұсыныстар айтылды.

Жиын соңында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қала әкімінің алғыс хаты мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.
27 ақпан 2026 ж. 100 0