Жаңа Конституция жобасын түсіндіру жұмыстары жалғасуда
Бүгін қызмет көрсету саласының өкілдерімен жаңа Конституция жобасын ақпараттық түсіндіруге арналған кездесу өтті. Кездесуге Қазалы аудандық мәслихатының төрағасы Әліш Ғазиз Әлмәмбетұлы және «AMANAT» партиясы Қазалы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жалғасбаев Нұрғиса Жаппарбергенұлы қатысып, қатысушыларға жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары мен жаңашыл тұстары жөнінде ақпарат берді.Сонымен қатар, жиынға аудандық мәслихат депутаттары да қатысып, өз пікірлерін білдірді. Кездесу барысында спикерлер цифрлық қауіпсіздікті күшейту, неке және отбасы институтын қорғау, Халық кеңесін құру секілді қоғам өмірінің маңызды салаларын қамтитын бастамаларды атап өтті. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынды.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да ауданның түрлі сала қызметкерлері мен тұрғындары арасында жүйелі түрде жалғасын табатын болады.










