Сырдария ауданында ерікті жастардың қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы және Сырдария аудандық Жастар ресурстық орталығының кеңесшісі
Динара Баджанова қатысты.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының әзірлену кезеңдері, Конституциялық кеңестің қызметі, сондай-ақ ұсынылып отырған өзгерістердің маңыздылығы жан-жақты баяндалды. Сонымен қатар, Конституция жобасының қоғам дамуына, оның ішінде білім беру саласындағы құқықтық негіздерді жетілдіруге ықпалы туралы кеңінен түсіндірілді.

Іс-шара ашық пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, жастар өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта ауданның түрлі сала қызметкерлері мен тұрғындары арасында жалғасын табатын болады.
Сырдария аудандық
жастар ресурстық орталығы