Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәтті тосын сый: Астана күніне орай 50 мың балмұздақ тегін таратылды

Тәтті тосын сый: Астана күніне орай 50 мың балмұздақ тегін таратылды


Елорда күніне орай қала тұрғындары мен қонақтарына тегін балмұздақ таратылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  Шара Астана қаласының әкімдігі мен қостанайлық «Новый день» сауда таңбасының ұйымдастыруымен өтті.
«Қала мерекесіне орай осындай тәтті тосын сый жасауды Астана қаласының әкімдігіне ұсынған болатынбыз, әкімдік өз тарапынан қолдау білдіріп, міне бүгінде тұрғындар мен қонақтарға тәтті сый жасаудамыз. Әсіресе бүлдіршіндердің қуанышында шек жоқ. Жалпы қостанайлық «Новый день» сауда таңбасы Қазақстан нарығында 15 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді, өткен жылы Елбасының қатысуымен біздің зауытта балмұздақ дайындау бойынша жаңа желі іске қосылған болатын», - деді «Новый день» сауда таңбасының Астана қаласы бойынша өкілдігінің директоры Дмитрий Стрекалов.
Тегін балмұздақ Бәйтерек монументі жанында алаңға жиналған халықтың бәріне таратылуда. Сонымен қатар Бәйтерек алаңында «The Spirit of Astana» атты халықаралық заманауи этникалық музыкалар фестиваліде өтуде.  
 «Бала-шағамызбен концерт тамашалауға келгенбіз, қарасақ тегін балмұздақ таратылуда, балаларымызбен бірге тәттіден бізде ауыз тидік. Ұйымдастырушыларға рақмет, әсіресе кішкентайлар қуануда, бұлда бір мерекеге жасалған жақсы сый», -деді қала тұрғыны Айсұлу Бекбергенова.
07 шілде 2018 ж. 1 082 0