Астанада үш күн бойы тегін экскурсиялар өтеді
29, 30 маусым және 1 шілде күндері аралығында елорда тұрғындары мен қонақтары тегін экскурсияға қатыса алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.
Үш күн бойы «Red Bus» автобустары Астананың сол жағалауымен тегін экскурсиялар өткізетін болады.
Экскурсия «AiLand» (океанариум) ойын-сауық орталығынан және «Hilton Astana» қонақ үйінен басталады.
Аудиогидтер қазақ және орыс тілдерінде қаланың көрікті нысандары жөнінде ақпарат тарататын болады (бір рейс - қазақ тілінде, екінші рейс - орыс тілінде жүргізіледі). Мәліметтерді белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.
«AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты:
- сағ. 10:00 (қазақ тілінде);
- сағ. 12:05 (орыс тілінде);
- сағ. 14:45 (қазақ тілінде);
- сағ. 16:50 (орыс тілінде);
- сағ. 18:55 (қазақ тілінде).
Ары қарай келесі аялдамалар болады: «Hilton Astana», «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «Hilton Astana», Ұлттық Музей және «Астана Бәйтерек» монументі.
«Hilton Astana» аялдамасынан қозғалу уақыты:
- сағ. 10:00 (қазақ тілінде);
- сағ. 12:05 (орыс тілінде);
- сағ. 14:45 (қазақ тілінде);
- сағ. 16:50 (орыс тілінде);
- сағ. 18:55 (қазақ тілінде).
Ары қарай келесі аялдамалар болады: Ұлттық Музей, «Астана Бәйтерек» монументі, «AiLand» (океанариум) ойын-сауық орталығы, «Хан Шатыр» СОСО және «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы.