Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АСТАНА – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ

АСТАНА – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ


Биыл Астана қаласының елордасы атанғанына 20 жыл толып отыр. Әр елдің өз астанасы болатыны секілді Астана қаласы да заман талабына сай жаңарып, жасарып келе жатқан әсем қала. Оны өткен жылы Астана қаласында өткізілген «ЭКСПО-2017» көрмесі ке­зінде байқадық. Көрменің негізгі ар­қауына айналған жасыл энергияның адамзатқа келтіретін пайдасы, әлем халықтарының заманауи жетістіктері көр­ме жұмыстарының негізгі арқауына айналғанын көрдік. Сондықтан Астана қаласының жетістіктері, жаңа ғимараттар жайлы балаларға арнайы сабақ өткізіліп, суреттер байқауын ұйымдастырдық. Ша­­ғын орталық тәрбиеленушілері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бе­ре отырып, олардың өз ойларын білу мақ­сатында әңгімелесулер ұйымдастырдық. Нәтижесінде балалар Астана жайлы қы­зықты ойларымен бөлісті. Әсем қалаға барғандағы әсерлерін тақпақтар айтты. Астана қаласының 20 жылдығына арналған мұндай шаралар алдағы уа­қытта да ұйымдастырылмақ.

Ж.Жармағамбетова,
тәрбиеші,
Бесарық ауылы
22 ақпан 2018 ж. 2 519 0