Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстарын көрді

Теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстарын көрді

Жұмыс сапарында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев пен Мархабат Жайымбетов Тереңөзек кентіндегі теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстарын көрді.

Қазіргі таңда вокзал ғимаратының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Аталған жоба аудан тұрғындары үшін маңызды болып табылады. Себебі, аудан аумағынан өтетін 46 шақырымдық теміржол желісі халықтың еркін қатынауына мүмкіндік береді. Жаңа вокзалдың пайдалануға берілуі жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде Тереңөзек кентінің инфрақұрылымдық дамуына серпін бермек.– Темір жол арқылы көптеген тұрғындар қатынайды. Олар аудан аумағынан өткенде өңірдің әлеуетіне, санитарлық тазалығына баға беретін болады. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев темір жол вокзалдарының талапқа сай болуын, айналасының тазалығына үнемі мән береді. Сондықтан барлық талапты сақтап, қызмет сапасын арттыруға барынша күш салудамыз, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.Халық қалаулылары мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстары сапалы жүргізілу керектігін тілге тиек етті.Айта кетейік, «Тереңөзек теміржол вокзалын күрделі жөндеу және аумағын абаттандыру» жобасы әзірленген. Қазіргі таңда мердігер мекеме «РиА-Сервис ЛТД» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізуде.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі






07 қаңтар 2026 ж. 232 0