Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «Таза Қазақстан»: тазалық табалдырықтан басталады

«Таза Қазақстан»: тазалық табалдырықтан басталады

Сыр өңірінде, оның ішінде Сырдария ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асып келеді. Қазіргі уақытта облыс және аудан орталығында тазалық жұмыстары қарқын алуда. Жылдың қай мезгілінде болсын ауданның әрбір тұрғыны тазалыққа бейжай қарамайды. Келбеті келіскен аудан орталығында тазалықпен айналысатын арнайы мекеме бар. Бұның барлығы – қоршаған ортаны, өзіміз тұратын аумақты таза ұстау екені анық.

«Таза Қазақстан» респуб­ли­калық экология­лық бағдар­ламасын іске асыруда жергілікті халықтың ұстанымы көңілге медеу сыйлайды. Осы күні бірлік бар жерде тірлік барын барлық сыр­дария­лық дәлелдеп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт­ Тоқаев «Таза Қазақстан» рес­пуб­­ликалық экологиялық бағ­дар­­­ла­масының басым бағыты мен маңызын өз сөзінде атап өт­­кен болатын. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев экологиялық бағ­­дар­лама­ның өңірімізде сәтті жа­сал­уын қатаң бақылап отырады.

«Тазалық әр адамнан, әр үй­ден, әрбір көше мен әр қаладан басталуы керек. Өйткені «Таза Қазақстан» – бұл бір күндік науқан емес. Бұл – біздің өмір салтымыз. «Жас келсе – іске» деп халқымыз бекер айтпаған. Баршаңызды табиғатты қорғау идеясы біріктіріп отыр. Сіздер бәріңіз бірге істеп жатқан жұмыстың арқасында бұл игі бастама осындай үлкен қоз­ғалысқа айналды. Ортақ іске күш жұмылдыру дегеніміз – осы» деді Президент.

Жалпы алғанда, тазалық табалдырықтан басталатынын, тәр­­тіп өмірге жалғасатынын ұмыт­паған абзал. Бүгінде «Тереңөзек таза­лығы» мекемесінің ұжымы қытымыр қыстың ызғарына қара­мастан, тегеурінді жұмыс атқаруда. Мекеме теңгеріміндегі 8 бірлік арнайы техника жергілікті халықтың қауіпсіздігін сақтау мақсатында дамылсыз жұмыс атқаруда. Аптап ыстық пен желдің өтінде, жаңбырлы және боранды күнде өз қызметіне адалдық танытатын олардың еңбегі ерекше.

Айта кетейік, Сырдарияда тұр­мыстық қатты қалдықтарға ар­нал­ған полигон құрылысы «Қызылорда-Жалағаш» ав­то­жо­лы­ның бойынан көлемі 4 гектар жерге салынғаны белгілі. Полигон құрылысын «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС атқарып, оған облыстық бюджеттен 475,5 млн теңге бөлінді. Тұрмыстық қалдықтар сұрыпталатын полигонда тұрмыстық қатты қалдықты жинайтын алаң, сүзгіш құдығы орналасқан. Шаруашылық және өнді­рістік аймақтан тұратын полигонда жылына 3500 тонна тұр­мыстық қатты қалдықтар сұрып­талады деп күтілуде.

Қазіргі уақытта «Таза Қа­зақстан» респуб­ликалық эко­ло­гиялық бағдарламасын орындау­да өңіріміз үздіктер қатарынан көрінуде. Бұған дейін облыс және ау­­дан орталықтарындағы, ауыл­дарда парктер, скверлер мен ал­леялар, көпқабатты тұрғын үй­лердің аулалары абаттандырылуда. Мәселен, Тереңөзек кен­тінде биыл Аманкелді Иманов көшесінің бойындағы көпқабатты бірнеше үйдің ауласы абаттандырылды. Қайбір жылы мұндай жоба Азатбақыт Әлиакбаров көшесінде жасалды. Ауданға қарасты бірнеше елді мекенде балаларға арналып ойын алаңы салынды. Бұның барлығы – жүйелі жұмыстың нәтижесі.

2023 жылдан облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен «Үлгілі елді мекен» конкурсын өткізу жолға қойылған. Үш жыл қатарынан конкурс нәтижесінде, сырдариялықтар үздіктер қатарын толықтырды. Жобаның мақсаты – елді мекендерді дамыту, оның ішінде ауылдағы ағайынның өмір сапасын жақсарту, қолайлы орта қалыптастыру, ауылдағы көр­кейту-көгалдандыру жұмысын ынталандыру.

Алғашқы жылы «Үлгілі елді мекен» конкурсының «Үлгілі ауыл» номинациясы бойынша Бесарық ауылы жеңімпаз атанса, биыл Нағи Ілиясов ауылы сол межеден көрінді. Өз кезегінде өткен жылы «Үлгілі аудан» номина­циясы бойынша ІІІ орынды жеңіп алды. Барлық жеңімпаз бен жүлдегерге арнайы техника берілді. Дәстүрлі түрде жалғасын табатын кон­курстың өткізілуіне 564 млн теңге бөлінсе, алдағы жылы қаржы көлемі сақталады.

Осы конкурстың аясында тірек және серіктес елді мекендер санатына кірмейтін ауыл­дардың абаттандыру жобаларын қар­жыландыруға 15 млн теңге­нің сертификаттары табысталады. Атал­­­ған қомақты қаржыға өт­кен жы­лы Айдарлы ауылы қол жеткізсе, биыл Іңкәрдария елді мекені иемденді. Осыған дейін үздік атанған елді мекендерге 48 арнайы техника берілген. Ал коммуналдық, абаттандыру мекемелеріне 142 арнайы техника сатып алынып, ел игілігіне қызмет етуде. Тұрғындарды эколо­гиялық таза көлік қызметімен қамтамасыз ету үшін 100 жаңа электромобиль алынып, 16 электр қуаттау бекеті салынғаны белгілі.

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев «Таза Қазақстан» республика­лық экологиялық бағдарламасы­ның са­палы жасалуына ұдайы көңіл бөледі. Аудан орталығы мен әрбір елді мекенде сенбілік ұйым­дастырылып, тазалыққа мән беріледі.

Балтабай ОРДАБЕКОВ

23 желтоқсан 2025 ж. 59 0