Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жас мемлекеттік қызметшілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жас мемлекеттік қызметшілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Нұржан Ешниязов мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген Қоғамдық даму бөлімінің бас маманы Гүлсән Қайратқызын және Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Асылзат Сұлтанбековті қабылдады.

Қабылдауда Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметке жаңадан кірген мамандарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары мен мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, басқа ақы төленетін қызметпен, кәсіпкерлікпен айналыспау, өзінің қызмет істейтін немесе бағынысты мемлекеттік органда үшінші тұлғалардың істері бойынша өкіл болмау, қызметтік мүлікті, ақпаратты жеке мақсатта пайдаланбау, қызметке кедергі келтіретін заңсыз әрекеттерден алшақ болу, лауазымдық өкілеттігін жеке мүддеге пайдаланбау, құмар ойындардан, бәс тігуден, лудоманиядан аулақ болу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау сынды маңызды мәселелер егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Мұндай шаралар жас мамандардың кәсіби және әдепті қызметкер ретінде қалыптасуына, сондай-ақ мемлекеттік қызметке деген жауапкершілікті арттыруға серпін береді.
19 желтоқсан 2025 ж. 55 0