1 – желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) ұйғарымымен 1988 жылы бірінші рет 1 – желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні ретінде аталып өтілді. Сол жылдан бастап мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың, сонымен қатар әр түрлі серіктестестердің ат салысуымен Дүниежүзінің барлық елдерінде АИТВ/ЖИТС-ке әр түрлі іс-шаралар аталып өтілетін болды. 1999 жылдан бастап 1 – желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС–ке қарсы күрес кампаниясы болып өзгертіліп, АИТВ/ЖИТС-ның алдын алуға байланысты науқан жарияланып, әр түрлі алдын алу іс-шаралары ұйымдастырылып,өткізіледі.ЖИТС-ке қарсы күрес науқаның өткізудің басты мақсаты:
– осы проблемаға қоғам назарын аудару.
– Қоғамда АИТВ/ЖИТС жұқтырған адамдарды алалау, кемсіту ,бөлу секілді қөзқарастарды болдырмау.
– АИТВ/ЖИТС жайында түсініктерін кеңейту үшін мәліметтер беру.
– АИТВ/ЖИТС жұқтырғандарға медициналық, психоәлеуметтік, моральдық көмектің көрсетілуіне ықпал жасау.
– АИТВ/ЖИТС проблемасына халықаралық, отандық, үкіметтік емес ұйымдарды тартып, бірігіп жұмыс жасау.
ДДСҰ мәліметтеріне жүгінсек, әлемде ВИЧ (АИТВ-адамның имунитет тапшылығының вирусы) инфекциясын жұқтырғандар саны 50 миллионнан асып кеткен,оның ішінде шамамен 3,5 миллионы балалар. Алайда, барлық АИТВ инфекциясын жұқтырғандардың ішінде 20-40 жас аралығындағылар басым көпшілігін құрап отыр. Сарапшылардың айтуынша, жер бетінде күн сайын шамамен 14 мың аталмыш ауруды жұқтырады. Осы жұқпанының тарихына көз жүгіртсек, АИТВ алғаш рет 1981 жылы АҚШ -та тіркелген. Бұған дейін бұл ауру өте сирек кездесетін, 10 млн халыққа 1-2 оқиға 60 жастан ересектерде ғана. Бірақ сол жолы жасы 30-ға жетпеген ауру адамдардың көбі 20 ай ішінде көз жұмған.1981 жылы Лос –Анжелесте тағы бір топ адам пневмоцистік пневмониямен гемосекуалистер ауырып, бұл дүниемен қош айтысқан. Дәрігерлер оны «жолы болмағандардың ауруы» деп атады. Содан соң дерт гемофилиямен ауырғандардың арасында кездесті. Науқастарға құйылған қанның ішінде адамның иммунетет тапшылығының вирусы екені екі ғалым Льюк Монтанье мен Роберт Галло 1981 жылы анықтады. Жылма жыл осы дертке шалдыққандардың саны көбейе берді. Қазіргі таңда Қазақстанда 57054,облыста өсіммен 391 астам адам АИТВ жұқпасымен тіркелген.
АИТВ – инфекциясы қандай жолдармен таралады?
Бірінші жолы –жыныстық қатынас арқылы, екінші жолы –екіқабат әйелдерден балаға немесе жаңа туған нәрестеге,үшінші жолы-қан арқылы, нашақорлар арасында жиі кездеседі.Бұл дертке шалдыққан адамдарды емдеу үшін бір жылға 8-10 мыңға дейін АҚШ доллары қажет.Ағзаны толық вирустан тазартуға әлі ем жоқ, тек аурудың өмірін ғана ұзартуға мүмкіндік болып отыр.
ЖИТС-бұл жұқтырылған иммунитет тапшылығының синдромы.
АИТВ/ЖИТС инфекциясының соңғы сатысы. Адам ағзасында пайда болған қоздырғаш имундық жүйенің маңызды клеткалары –лимфоциттерді жояды.Оларды Т4 хелпер деп атайды. Кез келген адам қанында бір текше миллилитрдың саны 800- ден 1200-ге дейін лимфоциттер болады.Егер бұл клеткалардың саны 500-ге төмендесе,адам әр түрлі қоздырғыштарды, микробтарды тез қабылдайды.ВИЧ көп жылдар бойы адам ағзасында өмір сүріп,оның алғашқы белгілері пайда болғанша басқа адамға жұғуы мүмкін.Көптеген адамдар АИТВ-ні өз басына төнеді деп ойламайды. Себебі қоздырғыш белгісі адам бойынан табылғаннан бастап ауру дамығанша 10 және одан көп жылдар өтуі мүмкін.Қазірдің өзінде «Ғасыр дерті» 25 млн-ға жуық адамның өмірін үзді. Алапат аурудан бойды бойды аулақ ұстау мен өз денсаулығыңды, болашағыңды қорғауды ең сенімді, тура жолы-есірткіден бас тарту және бейберекет,кездейсоқ жыныстық қатынастан бойды аулақ салу.Тіпті, бір ғана жыныстық қатынасқа түсу,бір ғана инемен дәрі егу кез келген адамды қауіпті инфекцияны жұқтырып алуға апарып соқтыруы мүмкін. Қазіргі заманда әр адам өз денсаулығы үшін, өсіп келе жатқан ұрпағы үшін ойлануы керек.
А.Оразбаева,
АИТВ инфекциясының алдын алу
облыстық орталықтың Сырдария
ауданындағы психоәлеуметтік кеңес
беру кабинетінің дәргері
Фото: Ашық дереккөзден











