Заң және тәртіп
Үстіміздегі жылдың 13 қарашасында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен және ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің бас маманы Нұрымов Керейтбай Ермағанбетұлының қатысуымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі және ҚР Бас прокурорының 04.01.2023 жылғы №4 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекеттік жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ, «Электрондық жолданымдар» ақпараттық талдау жүйесін жүргізу Қағидасы талаптарын сақтау бойынша оқыту семинар-кеңесі өткізілді.Шараға аудан әкімі аппаратының, аудандық дербес бөлімдердің және Тереңөзек кенті сондай ақ ауылдық округтер әкімі аппараттарының жауапты мамандары қатыстырылып, кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, «Е.Өтініш» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасау барысы талқыланып, сұрақтарға жауап берілді.
Сонымен бірге, семинарға қатысушы жауапты қызметкерлерге жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарымен жұмыс жасау тәртібін реттейтін заңнама талаптарын мүлтіксіз сауқтауды қамтамасыз ету, алдағы уақытта талдаулар барысында кемшіліктер анықталған жағдайда мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының тәртіптік жауапкершілігі қаралатындығы туралы қатаң ескертілді.










