Әрбір өтініш сапалы және мерзімінде қаралуы тиіс

Жиынға арнайы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Сырдария ауданы бойынша бас маманы К.Нұрымов, дербес бөлім басшылары, кент және ауыл әкімдері, жауапты мамандар қатысты.
ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасымен жүргізілген тексеру қорытындысының нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою, алдағы уақытта болдырмау туралы талқыланды. Кемшілік жіберген тиісті сала мамандарына тәртіптік жазалар қолданылып, заң талаптарына сәйкес жұмысты дұрыс үйлестіру тапсырылды.
Ердос БЕРКІНБАЕВ