Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Ақпараттық жүйелермен жұмыс жасауға байланысты семинар-кеңес өтті

Ақпараттық жүйелермен жұмыс жасауға байланысты семинар-кеңес өтті

Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік органдарда іс-жүргізу, архив ісі», сонымен қатар «Е-Архив» және «Бұлтты құжат айналымы» ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасау бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Оған аудандық архив филиалы басшысының міндеті атқарушы Гүлзат Мейрамбекқызы қатысып, аудандық дербес бөлімдердің, Тереңөзек кенті және ауылдық округ әкімі аппараттарының жауапты мамандарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түсіндірме жұмыстары барысында «Мемлекеттік органдарда іс-жүргізу, архив ісі, сонымен қатар «Е-Архив» және «Бұлтты құжат айналымы» ақпараттық жүйелеріен жұмыс жасау тәсілдері талқыланып, сұрақтарға жауап берілді.

Семинар-кеңеске қатысушы жауапты қызметкерлерге аудан әкімі аппараты тарапынан іс-жүргізу, құжаттардың сақталуы, сонымен қатар «Е-Архив» және «Бұлтты құжат айналымы» ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасауға талдаулар жүргізіліп, кемшіліктер анықталған жағдайда мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының тәртіптік жауапкершілігі қаралатындығы қатаң ескертілді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
19 сәуір 2024 ж. 273 0