Азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасау барысы талқыланды

Семинар-кеңесте аудандық дербес бөлімдердің, Тереңөзек кенті және ауылдық округ әкімі аппараттарының және мәдениет үйлері мен клубтардың «е-Өтініш» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасауға тікелей жауапты мамандарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, қызмет көрсету кезінде заң бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу бағытында атқарылуы тиіс шаралар туралы талқыланып, сұрақтарға жауап берілді.
Сонымен қатар, семинарға қатысушы жауапты қызметкерлерге алдағы уақытта ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексімен бекітілген жолданымның қаралу мерзімінің бұзылу фактілері орын алған жағдайда мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының тәртіптік жауапкершілігі қаралатындығы туралы қатаң ескертілді.